15 Ақп 2024
Страницы КГУ "Комплекс школа-детский сад Жетіарал"

Мектеп тарихы

Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы

Тарбағатай ауданы бойынша білім бөлімінің

«Жетіарал мектеп-балабақшасы» кешені» КММ

Мектеп тарихы

«Жетіарал мектеп-балабақша кешені» КММ-нің түп қазығы 1914-1916 жылдар аралығында қазақ халқының көрнекті ғалымы Сұлманмахмұт Торайғыровтың ұйымдастырумен ашылған «Прәмилә» (Правление) деген шағын мектептен басталады.Осы мектептен Шомбин Смағзам, Масалимов Мырзағұмыр, Тоқанов Бәкіш Сапаұлы, Құрбанқажыұлы Қыдырмолда сынды тұлғалар дәріс алған.
1520-1922 жылдары мектеп бұрынғы орнынан Қарашоқыдағы Т айбаққан қыстауына ауысады. Қыз балаларды оқуға тарта бастайды, бірақ діншіл ақсақалдар бұған қарсы шығады да, іс аяқталмай қалады.
1922-1923 жылы Тайбаққан «Прәмиләға» көшіріліп, Терісайрық бастауыш мектебі деп аталады.
1923-1924 жылдары Шомбин Смағзам өз үйін беріп бес ауылға ортақ мектеп ашады,1928 жылға дейін тұрақты жұмыс істейді. Осы жылы Тарбағатай жеке аудан болып құрылып Сарсенов Нәсіпхан екі сыныптық мектеп ашты.
1934 жылы мектеп Сталин атындағы бастауыш мектебі болып қайта құрылды.
1952-1953 жылдары 7 жылдық мектеп болып ұлғайды, ал 1960 жылдан бастап 8 жылдық В.И.Ленин атындағы мектеп болып атауы өзгертілді.
1961 жылдан бері 10 жылдық мектеп мәртебесіне ие болды.
2005 жылы мектеп «Жетіарал орта мектебі» ММ болып өзгертілді..
2016-2017 оқу жылынан бастап мектеп атауы «Жетіарал мектеп- балабақша кшені» КММ болып өзгертіліп, « Ұлттық қор» есебінен салынған жаңа ғимаратқа қоныс аударды.
Осы ауылдық мектепте талай жылдар өз еңбектерін сіңірген мектеп меңгерушілері және директорлары:
1933-1941 жылдары Нүркенов Міржақып
1942-1944 жылдары Шомбин Смағзам
1952-1953 жылдары Галиев Базархан
1960-1965 жылдары Нұразханов Шайкен
1966-1970 жылдары Каленов Совет
1970-1992 жылдары Ислямов Асқар
1992-1994 жылдары Қиялбаев Бекмұхамбет
1994-2010 жылдары Қабдрахманова Кулара Қабдрахманқызы
2010-2016 жылдары Алдауышев Бақыт Абзелейұлы
2016-2022 жылдары Жакаева Зина Аширжанқызы
2023 жылдың наурыз айынан бастап Камитжанов Серик Каратевич
мектеп директоры қызметін атқаруда.
Байланыс телефондары 8-72-344-28-992
Шығыс Қазақстан облысы
Тарбағатай ауданы
071505 Жетіарал ауылы
К.Билалов көшесі,19
Тел:8(72344)28-924
e-mail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

Пайдалы ақпараттық ресурстар