03 Сәу 2024
Страницы КГУ "Комплекс школа-детский сад Жетіарал"

Бір тұтас тәрбие бағдарламасы

Ұстазым менің ұстазым! Ұстаздарға арналған мерекелік сәттер.


"Жетіарал мектеп - балабақшасы" кешені" КММ. ҰСТАЗДАР сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен құттықтаймыз. Еңбектеріңіз табысты, шәкірттеріңіз білімді болсын! 6 - сынып оқушылары.


"Жетіарал мектеп - балабақшасы" кешені" КММ. "Жаңа Қазақстанда ақындар айтысының дамуы” пікір - сайыс Халқымыздың көнеден жібі үзілмей келе жатқан өнердің бірі - айтыс. Осынау ұлы мұраны насихаттау мақсатында "Төрт тоқсан - төрт өнер” ұлттық мәдени ағартушылық жобасы аясында "Ұшқыр ой алаңы" дебат үйірмесінің сынып білім алушылары арасында "Жаңа Қазақстанда ақындар айтысының дамуы” пікірсайыс өткізді. Пікірсайыс барысында екі фракция ойын алаңын ашты. Бірі байырғы айтысты қозғаса, екіншісі жаңа ақындар айтысын қолдап екі фракция ойын алаңын керемет жандардырды. Нәтижесінде: "Жаңа Қазақстандағы ақындар айтысын дамуына өз үлестерін қосатынан болашақ жастардың қолында екенін көрсете білді.


Тақырыбы: Ұстаз аты - биік, әрі мәңгілік! Мақсаты: ұстаздың адам өміріндегі алатын орны зор екендігін, ұстаздарды құрметтеу, сыйлау және қадірлеу қасиеттерін оқушылардың бойына дарыту. Ұстаздық мамандықтың қыр сырын түсіндіре отырып, ұстаздық еңбекті әрқашан бағалай білуге тәрбиелеу.


Тарбағатай ауданы бойынша білім бөлімінің "Жетіарал мектеп - балабақшасы" кешені" КММ. "Мұғалімдер күні" мерекесінде Ұстаздар қауымын 1 сынып оқушыларының құттықтауы. 


Тарбағатай ауданы бойынша білім бөлімінің "Жетіарал мектеп - балабақшасы" кешені" КММ. "Мұғалімдер күні" ұстаздар мерекесімен орай оқушылардың құттықтаулары.


Тарбағатай ауданы бойынша білім бөлімінің "Жетіарал мектеп - балабақшасы" кешені" КММ. "Мұғалімдер күні" мерекесіне арналған тәрбие бағытының жоспарына орай мектеп оқушыларының ұстаздарын құттықтауы. "ҰСТАЗЫМА МЫҢ АЛҒЫС" құттықтау топтамасы.


Шығыс Қазақстан облысы. Тарбағатай ауданы бойынша білім бөлімінің. "Жетіарал мектеп - балабақшасы" кешен" КММ. "МҰҒАЛІМДЕР КҮНІ" мерекесі құтты болсын! Дүниедегі мамандық атаулының төресі - ұстаздық. Әсілі, мұғалім барлық мамандық иесін тәрбиелейтін, оқытып үйрететін мейірімді абзал жандар. «Мұғалім мамандығы - барлық мамандықтың анасы» демекші, ұстаз алдынан тәрбие алмайтын жан жоқ. Ұстаз берген тәрбие әрбір жанның өміріне жол сілтер шамшырақ секілді. Адамның адамшылығы - жақсы ұстаздан» деп ұлы Абай айтқандай, мұғалім тәрбиесі мен өнегесі оқушының болашақ азығы. Жақсы ұстазға кезігіп, тәлім - тәрбие алған шәкірт өмір майданында мойымай күресіп, болашақ жолдарда бағытынан таймасы анық.


Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы бойынша білім бөлімінің "Жетіарал мектеп - балабақшасы" кешені" КММ. 5 - қазан "Мұғалімдер күні" мерекесіне орай мектеп оқушыларының мерекелік құттықтаулары.


Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы бойынша білім бөлімінің "Жетіарал мектеп - балабақшасы" кешені" КММ. Мектепте 2 - қазан күні "Дублерлер күні" ұйымдастырылып өткізілді. Мақсаты: Мектептің өзін - өзі басқару жұмысын жандандыру. Тұлғаның көшбасшылық қасиетін ашу, білім алушының ұйымдастырушылық қабілетін іске асыру.


“Жетіарал мектеп - балабақшасы” кешені” КММ. ТАБББ - нің 653 бұйрығы негізінде 04.10.2023 күні ұстаздар күніне орай “Күзгі гүл шоқтары” фестивалі өтті. Мақсаты: оқушылардың гүлдер туралы білімдерін кеңейту. Әсемдікке, әдемілікке баулу. Өз қолдарынан түрлі қолөнер жасауға баулу.


Тарбағатай ауданы бойынша білім бөлімінің "Жетіарал мектеп - балабақшасы" кешені" КММ. "Мұғалімдер күні" мерекесіне арналған демалыс сәті. 7 - сынып оқушылары.


"Мұғалімдер күні" мерекесіне арналған көңілді үзіліс сәттерінен...


"Жетіарал мектеп - балабақшасы" кешені КММ 2 - сынып оқушыларының құттықтаулары.


Мен Мусаева Меиркул Байгашевна. "Ұстазым, менің ұстазым" челленджін қабыл алдым. Ұстаз - ұлағатты ұғым Ұстаз... Қандай қасиетті сөз! Әр адамның жүрегіне ерекше жылулық нұрын себетін аяулы тұлға бейнесімен өзектес ұғым. Адам баласының жүрегінде қадір тұтып, құрметтейтін екі ұғым болса, соның бірі Ұстаз. «Ұстаз» деген қазақ баласы үшін қашанда қасиетті, қадірлі болған. «Ұстаздан тәрбие алған» немесе «ұстаз алдын көрген» деген сөздер құлаққа «ана тәрбиесін алған» деген сөздермен ұштасып жатады. Алғаш әріп танытып, өмірдің қыр сырын білуге, сан қилы құбылыстарын терең түсінуге мұрындық болып, жан дүниеңе нұрлы шуақ түсіріп, адамгершілікке баулыған мұғалімнің бейнесі көңіл төрінен орын алары анық. Алғаш қолыма қалам ұстатып, әріп танытқан ұстазым Бақтияров Сейітқазы - ардақты ұстазым. Ұстаз әр адамның жанына білім дәнін сеуіп, әр шәкіртін аялап, өмір атты шексіз ғаламға топшысын қатайтып ұшырады. Өмірге қанат қақтырып, білім шыңына шығуға бағыт берген сынып жетекшім Ибраев Марат аға. Дәлірек айтсам, адамды өмір сүре білуге тәрбиеледі. Сол үшін бойындағы асыл қасиеттерін шәкірттеріне сіңіріп, тер төкті. Ұстаз болып Жетіарал мектебіне келгенімде бағыт - бағдар берген ұстаздарыма мың алғыс. Өзім де қазір 42 жыл еңбек өтілі бар ұстазбын. Мұғалім - бұл өмірде ең құрметті және лайықты адамдар ие болатын мақтан тұтатын атақ. Сіздердің мамандықтарыңыз оңай емес, бірақ сіздің өміріңіз бен бағытыңыз сонда. Біздің ұстазымыз болғандарыңызға мың алғыс. Мұғалімдер күнімен! Челленджді өз әріптестеріме жолдаймын.


"Абай атындағы орта мектебі" КММ Мен, Алтынбекова Кенжегүл Алтынбекқызы Қазақстан Республикасы оқу - ағарту министрі Ғани Бекетайұлының ұстаздар мерекесі қарсаңында «Ұстазым, менің ұстазым» челленджін қолдаймын. Ұстаз! Осынау сөзде қаншама мән - мағына жатыр десеңізші! Ұлағатты ой иелері де, арман оты жүрегінде алаулаған жеткіншектер де, парасатты қоғам қайраткерлері де бір адамға қарыздар. Ол - Ұстаз! Алғаш "Әліппенің” бетін ашып, әріп танытқан, өмірдің қыр - сырын білуге, сан қилы құбылыстарды терең түсінуге мұрындық болып, жан дүниеңе нұрлы шуақ түсіріп, адамгершілікке баулыған, саналы ғұмырының басым бөлігін өскелең ұрпақтың оқу - тәрбиесіне арнап, күні бүгінге дейін бар білгенін шәкірттерінің бойына дарытуды мақсат еткен, өз мамандығының білгірі, менің алғашқы ұстазым - Меткенова Бакыткамал Кусбековананың ұстаздық бейнесі көңіл төрінен ерекше орын алады. Әр шәкіртін аялап өсіріп, өмір атты шексіз ғаламға топшысын қатайтып ұшырады. Ұзақ жылдар бойы оқушыларын білім нәрімен сусындатып келген білікті ұстазымыз әлі де Тарбағатай ауданы , Жетіарал ауылы, "Жетіарал мектеп - балабақша кешені" КММ - нде бастауыш сынып мұғалімі болып, табысты еңбек етіп , шәкірттерін тәрбиелеп келеді. Сізге айтар алғысымыз шексіз!


Тарбағатай ауданы бойынша білім бөлімінің “Жетіарал мектеп - балабақшасы” кешені КММ 5 - сынып оқушыларының мектеп ұстаздарына айтар алғыс, тілектерін қабыл алыңыздар.


Тақырыбы: Ұстаз аты - биік, әрі мәңгілік! Мақсаты: ұстаздың адам өміріндегі алатын орны зор екендігін, ұстаздарды құрметтеу, сыйлау және қадірлеу қасиеттерін оқушылардың бойына дарыту. Ұстаздық мамандықтың қыр сырын түсіндіре отырып, ұстаздық еңбекті әрқашан бағалай білуге тәрбиелеу.


Тарбағатай ауданы бойынша білім бөлімінің "Жетіарал мектеп - балабақшасы" кешені" КММ. "Мұғалімдер күні" мерекесінде Ұстаздар қауымын 1 сынып оқушыларының құттықтауы.


Тарбағатай ауданы бойынша білім бөлімінің "Жетіарал мектеп - балабақшасы" кешені" КММ. "Мұғалімдер күні" ұстаздар мерекесімен орай оқушылардың құттықтаулары. 8 - сынып оқушысы Мәлікова Зере.


Тарбағатай ауданы бойынша білім бөлімінің "Жетіарал мектеп - балабақшасы"кешені" КММ. "Мұғалімдер күні" мерекесіне арналған тәрбие бағытының жоспарына орай мектеп оқушыларының ұстаздарын құттықтауы. "Ұстазыма мың алғыс" құттықтау топтамасы.


Тарбағатай ауданы бойынша білім бөлімінің "Жетіарал мектеп - балабақшасы" кешені" КММ. "Мұғалім күні" мерекесі күніне арналған тәрбие бағытының жоспары бойынша " ҰСТАЗЫМА МЫҢ АЛҒЫС" тақырыбындағы құттықтау топтамасы. Ұстаз - бұл жаны жұмсақ, әлем ақылшысы. Мен үшін ұстаз - ең ардақты жан. Ұстаздардың басқалардан ерекшелігі - біздің ата - анамыздың 4 - 5 баласы болса, ұстаздарымыздың балалары - бүкіл әлем. Себебі әлемдегі барлық жан ұстаздан тәлім - тәрбие алып шыққан. Бар әлемнің кемінде 2 анасы бар. Бірі - өз анасы, екіншісі - білімге, өнерге, өмірге бейімдеген ардақты ұстазы.


Тарбағатай ауданы бойынша білім бөлімінің «Жетіарал мектеп - балабақшасы» кешені» КММ "Мұғалімдер күні" мерекесіне орай 5 - сыныпта өткенс ынып сағаты тақырыбы: "Ұстаз - мектептің жүрегі" Мақсаты: балаларға ұстаздар, олардың тәрбиесі мен еңбегін дәріптеу, білім мен біліктілікті ұстаз еңбегінен бастау алатынын оқушы санасына жеткізу, ұстазды құрметтеу мен сыйлауға тәрбиелеу. Міндеті: баланың санасында ұстазды тұлға ретінде қалыптастыру және ұстаз еңбегін дәріптеу. Сынып жетекші Қ. Кеңесханова.


Жетіарал мектеп - балабақшасы кешені КММ «мектебім - мейірім мекені» білім күнінің салтанатты жиыны мен білім сабағын өткізу қорытындысы 2023 - 2024 оқу жылы

1 қыркүйек - «Білім күніне» арналған мектепішілік салтанатты жиын, сондай - ақ сынып сағаттары өткізілді. Сынып сағаттары аясында педагогтерге білімге деген ұмтылыс, патриотизм және еңбекқорлық, сондай - ақ жаңа оқу жылында рухани құндылықтарды қалыптастыру мен дамыту туралы бірлескен талқылау ұйымдастыруға, достық қарым - қатынастың, жауапкершілік пен бір - біріне деген құрметтің маңыздылығын ашу. Салтанатты іс - шараның мақсаты: жаңа оқу жылының басталуы қарсаңында білім алушылардың бойында білімнің басымдылығы мен маңыздылығын және жағымды көңіл-күй, оң көзқарас қалыптастыру. Міндеттері: - білім алушылардың бойында оқуға құштарлыққа ұмтылысын қалыптастыру; - білім алушылардың бойына отаншылдық, құрмет және азаматтық сана құндылықтарын дарыту; - өзара құрмет пен түсіністікке негізделген мектеп мәдениетін қалыптастыру. Салтанатты іс - шараға келесі өкілдердің қатысуы ұсынылады: - жергілікті атқарушы органдар; - бөлімдердің/білім басқармаларының басшылары; - қамқоршылық кеңесінің мүшесі; - оқушылардың ата - аналары/заңды өкілдері; - азаматтық қоғам және бизнес өкілдері. Білім сағатының мақсаты: білім алушылармен бірге білімге ұмтылу, отаншылдық, еңбексүйгіштік құндылықтарының адам өміріндегі рөлін талқылау. Міндеттері: - білім алушыларға құндылықтар жөнінде жалпы ақпарат беру; - білім алушылармен бірге құндылықтардың адам өміріндегі рөлін талқылау; - отаншылдық, құрмет және азаматтық сана құндылықтарын дарыту; - сыныптың жағымды микроклиматын және жаңа оқу жылына жағымды көңіл - күй қалыптастыру. 1 - қыркүйек Білім күні. Тәуелсіз еліміз Қазақстан Республикасының тарихындағы, сондай - ақ Қазақстанның әрбір азаматының, мектеп жасындағы баланың өміріндегі елеулі күн. Өйткені Білім күні - өз мектебін сүйетін және ұмытпаған адамдардың дәстүрлі мерекесі. 1 және 11 - сынып оқушылары салтанатты түрде кіргілді. АӘТД жетекшісі М. Вакасов оқушыларды сапқа тұрғызып, мектеп директорына оқушылардың салтанатты жиынға дайын екенін мәлімдеді. Қ. Р. Мемлекеттік Туы салтанатты түрде әкелініп , мемлекеттік Гимн орындалды. Мектеп директоры С. Камитжановқа сөз кезегі беріліп, мектеп оқушыларын, ұстаздарды және қонақтарды «Білім күні» мерекесімен құттықтап, алғаш рет мектепке қадам басқан 1 - сынып оқушыларына жылы лебізін білдіріп, биылғы оқу жылына сәттілік тіледі. Келесі сөз кезегіне Сарыағаш ст ЖПБ - нің полиция капитаны А. Турабеков шығып темір жол аймағында оқушылардың өмір қауіпсіздігін сақтау мақсатында темір жол қауіпті аймақ екендігі бойынша қауіпті аймақтарға тоқталып өтті. Сонымен қатар ата - аналарда ұстаздарды, оқушыларды «Білім күні» мерекесімен құттықтап, мектептің атын тек жақсы жағынан шығарып жүре берулеріне тілектес екенін білдіріп, биылғы оқу жылының басталуымен шын жүректен құттықтады. Алматы қаласының тұрғыны, мектебіміздің түлегі «Мектепке жол» акциясы аясында 1 - сынып оқушыларына оқу - құралдарын тарту етті. Алғашқы қоңырау соғу рәсімін 11 сынып оқушылары мен 1 - сынып оқушыларына табысталды. Алғашқы қоңырау «Атамекен» әнімен аяқталып, 1 - 11 сынып тарда Білім сабақтары өткізілді. Білім күні білім алушылар, олардың ата - аналары мен педагогтері арасында әлеуметтік желілерде 1 - 2 минуттық бейнеролик орналастыру бойынша «Білімге ұмтылу, еңбексүйгіштік және отаншылдық», «Менің сүйікті мектебім», «Менің алғашқы ұстазым» республикалық онлайнакциясын Bilim_quni хэштегімен жарияланды. Білім күніне арналған салтанатты іс - шаралардың және бірыңғай сынып сағаттарының материалдары білім беру ұйымдарының парақшасы мен сайттарында орналастырылды.

 


«Алтын сақа» республикалық олимпиадасы бойынша өткізілген іс - шаралардың анықтамасы

"Жетіарал мектеп - балабақшасы"кешені" КММ - де «Төрт тоқсанда - төрт өнер» ұлттық мәдени танымдық жобасы аясында қараша айы қазақтың ұлттық ойыны асық ойынына арналды. "Жетіарал мектеп - балабақшасы"кешені" КММ - де 14 - қараша күні «Төрт тоқсанда - төрт өнер» ұлттық мәдени танымдық жобасы аясында «Алтын сақа» республикалық олимпиадасының ашылу салтанаты өтті. Мақсаты: Қазақ халқының тарихи - мәдени мұрасын құрметтеуді қалыптастыру, халықтың мәдени мұрасын сақтау, ұлттық ойындарды насихаттау, оқушыларды асық ойынына баулу. Республикада алғаш рет өткізіліп отыр және еліміздің спорттық өміріндегі бірегей оқиға болып табылады. Кең ауқымды республикалық акция, балалардың шығармашылық жетістіктерін көрсетуге тамаша мүмкіндік. «Бес табан» ойыны R4 (ø400см) шеңберінде ойналады, шеңбердің екі жағында ату сызығы сызылады (5 метр оңға және солға). «Бес Асық» ойыны ептілік пен шешімділікке баулиды. Әр ойыншыда бес асықтан болады. Жиында 6 - сынып оқушылары мен сынып жетекшісі Мейрамова Мадина көңілді үзіліс барысын ұйымдастырды. «Асық» ойыны туралы және асық ойындарын ойнау жолдары туралы түсініктер берілді. Мектеп оқушылары мен ұстаздар ұлттық нақышта киініп салтанатты жиынға қатысты. "Жетіарал мектеп - балабақшасы"кешені" КММ. "Тоғыз айға Тоғыз іс - шара"Қараша айы. "Асық ату" челленджі. Мақсаты: білім алушылардың рухани - адамгершілік мәдениетін, эстетикалық, патриоттық сезімдерін тәрбиелеу, елдің мәдени мұрасын сақтау, ұлттық ойындарды насихаттау. "Жетіарал мектеп - балабақшасы"кешені" КММ. "Төрт тоқсан - төрт өнер"ұлттық мәдени - ағартушылық жобасының тұжырымдамасы бойынша ll - тоқсан "Алтын сақа" республикалық олимпиадасы. Мақсаты:Қазақ халқының тарихи - мәдени мұрасын құрметтеуді қалыптастыру,халықтың мәдени мұрасын сақтау, ұлттық ойындарды насихаттау, балаларды асық ойынына баулу. 3 сынып оқушыларымен өткізілген асық ойыны. Сынып жетекшісі М. Тырнақбаева. "Жетіарал мектеп - балабақшасы"кешені "КММ - де "Тоғыз айға Тоғыз іс - шара тұжырымдамасы аясында 5 - сыныпта "Асық - қазақ халқының ұлттық ойыны" тақырыбында сынып сағаты өтті. Сабақтың мақсаты: Білімділік: Ұлтымыздың негізсіз ұмытылып бара жатқан ойынын жаңғырту, бабаларымыздың ойыны туралы түсінік беріп, қызығушылық ояту. Дамытушылық: Асық ойнату арқылы оқушыларды дәлдікке, мергендікке, ептілікке жеңіске деген құштарлыққа, намысқойлыққа, әділдікке баулу. Тәрбиелік: Оқушыларды ұлтымыздың құндылықтарын қастерлеуге баулу, қазақ халқының брендттерін сақтап әлемдік денгейдегі спорттық ойындар қатарына қостыруға ой туғызу. Міндеті: Асық ойынының барлық ережелерін, қыр - сырларын зерттеп, ізденіс жұмыс жасап, асықтың түрлерімен ерекшелерін білу. Сынып жетекшісі: Кеңесханова Қызғалдақ. "Жетіарал мектеп - балабақшасы"кешені" КММ - де "Тоғыз айға Тоғыз іс - шара тұжырымдамасы аясында, «Төрт тоқсан - төрт өнер» 2 - тоқсан "Алтын сақа"ойыны бойынша 1 - 4 сынып оқушылары арасында асық ойыны өткізілді. Мақсаты: Асық ойыны арқылы баланың ой - өрісін, көкжиегін кеңейту, мінезін төзімділікке, қозғалысының дәлдікке еттерді, көру қабілетін арттыру.


Атауы Жүктеу
1 Жетіарал тәрбие қорытынды 2023 - 2024 PPTX

2022 - 2023 оқу жылындағы «FREEDOM» дебат клубының атқарған іс - шара қорытындысы

2022 - 2023 оқу жылында жыл басында «Адам қажеттілігі экологиядан маңызды ма?» атты дебат ойыны өткізілді. Мақсаты: Оқушылардың танымдық ойлау қабілеттерін, экология мен адамзаттың тығыз байланысына, экологиялық зардаптардың адамзатқа зиянын, адам қажеттіліктерінің экологиядан жоғары болатынына көзқарастарын қызу талқыға салу. Қорытынды: Оқушылар АПФ форматта Үкімет және Оппзиция болып екі топқа бөлінді. Қарар қызу талқыланып, тақырып жан - жақты ашылды. Проблемалық сұрақтар қою арқылы аргументтер келтіріп, ойларын ұтымды, сөздерін жүйелі жеткізе білді. Оқушылар пікірталаста ұтымды ойларын ортаға салып қажетті аргументтер келтіргендері үшін мақтау қағаздарымен марапатталды. Өткізген ДТІЖО М. Мусаева. 21 қараша 2022 - 2023 оқу жылында «Адам құқығы бала құқығын қорғаудан басталады» атты дебат ойыны өткізілді. Мақсаты: Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы білімдерін шыңдау, құқық бұзушылықтан аулақ болуға шақыру. Қорытынды: Жеребе бойынша үкімет тобы 8 - сынып оқушыларының «Тұмар» тобы Аяғанова Адиля, оппозиция тобы 9 - сынып оқушыларының «Дарабоз» тобы Болат Нұрлан, Қайратұлы Теміржан танылды. Екі топта берілген қарар бойынша фактілер, мысалдар, мәлімдемелер келтіре отырып, тартыстыда қызықты пікір - сайыс өткізді. Үкімет тобы басымдық көрсетіп жеңімпаз атанды. Оппозиция мүшесі Қайратұлы Теміржан үздік спикер атанды. Өткізген: ДТІЖО М. Мусаева. 2022 жылы 25 қараша күні Жетіарал орта мектебінде аудандық білім бөлімінің жоспарына сәйкес Т. Рысқұлов орта мектебінің «Көзқарас» және Жетіарал орта мектебінің «FREEDOМ» командаларының арасында. БП «Алаш қайраткерлерінің тәуелсіздік жолындағы идеялары ұлттық сананы қалыптастыруда дәріптелуде/қажетті деңгейде емес» тақырыбында дебат ойыны өткізілді. Ойын алдында жеребе тартылып «FREEDOM» командасы үкімет, «Көзқарас» командасы оппозиция болып танылды. Қорытынды: Ойын дебат ережесіне сай өтті. Төреші Құйған орта мектебінің тарих пәні мұғалімі Медет Әділбековтың шешімімен Жетіарал орта мектебінің командасы жеңімпаз атанды. Үздік спикер Т. Рысқұлов орта мектебінің оқушысы Сырымқызы Айым атанды.


"8 Наурыз - Халықаралық әйелдер күніне" орай 5 - 6 сыныптар арасында қыздар мен жеігелердің қатысуымен "Сырғалым - сырласым" атты сайыс өткізілді. Мақсаты: Жеңге мен қайын сіңілі арасындағы өзара сыйластықты, бір - біріне деген сүйіспеншілікті нығайту. Отанын, тілін, қазақи салт - дәстүрді құрметтей білуге, ұлттық салт - дәстүрді қадірлеуге, туыстық қатынас, соның ішінде жеңгесінің алар орны мен рөлін ұғынуға үйрену. Сайыс бес кезеңнен тұрды. 1 - бөлім: «Сәлемменен басталар сөз атасы» (Жеңгесі мен қайын сінілісі бір - бірін таныстыру) 2 - бөлім: «Өнерлінің өрісі кең» (Өз өнерлерін көрсету яғни жеңгесі мен қайын сіңілісі өз өнерлерін көрсетеді) 3 - бөлім: «Жеңгесі бар қандай - ды» (Салт - дәстүрге байланысты Сұрақ жауап) 4 - бөлім: Сұлулық сыры (шаш үлгісін көрсету) 5 - бөлім: «Бармағынан бал тамған» (мерекелік тағам дайындау) 3 - жұп қатысты. Сайыс кезеңдері бойынша байқауға қатысушылар өз өнерлерін, білімдерін ортаға салды. Сайыс қорытындысы бойынша әділ - қазылар алқасы әр жұптың ерекшелігіне байланысты номинациялар беріп марапаттады. 1 жұп «Өнерлі жеңге, өнегелі қыз атағы Айдана мен Шәмші 2 жұп «Байсалды келін, көркем қыз» атағын Жадыра мен Нұрай 3 жұп «Инабатты жеңге, ерке қыз» атағын Назерке мен Айару


Пайдалы ақпараттық ресурстар