24 Нау 2021
Страницы KZ КГУ "Комплекс школа-детский сад Жетіарал"

Марапаттар

"Тіл - ұлттың жаны, тарихы, болмысы" 5 қыркүйек Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсын ұлының туған күнінде, "Тілдер мерекесі" күнімен тұспа- тұс ,"Жетіарал мектеп-балабақшасы" кешенінде" 10-11 сынып оқушылары "жалпы қазақстандық" ашық диктантқа қатысты.
Диктанттың мақсаты мемлекеттік тілдің қоғамдағы маңызын таныту. Жат жазу қазақ халқының біртуар перзенті, Алаш қайраткері, ақын, публицист Мағжан Бекенұлы Жұмабаевтың 130 жыл толуына орай, «Мағжан Жұмабаев – заманның заңғар тұлғасы» тақырыбында болды. Қазақтың біртуар перзенті, сыршыл ақынның өмірі мен шығармашылығы туралы мәліметтермен қамтылған диктант білім алушылардың танымы мен білімін тереңдете түсті.

Тарбағатай ауданы бойынша білім бөлімінің "Жетіарал мектеп-балабақшасы"кешені"КММ.
2023 жыл қыркүйек айы.Жаратылыстану-математика бағытындағы пәндер бойынша Президенттік олимпиаданың аудандық кезеңінде мектебіміздің 11 сынып оқушысы Қалымбекова Жанбота химия,биология,физика,математика пәндері бойынша қатысып жүлделі 1-орынды иеленіп, облыстық кезеңге жолдама алды.Облыстық кезең 3-қазан күні өтеді.Оқушымызды шын жүректен құттықтаймыз.
Сәттілік тілейміз.


ШҚО Тарбағатай ауданы бойынша білім бөлімінің
"Жетіарал мектеп-балабақшасы"кешені" КММ.
Ұстаз ізденісі. Ұстаз еңбегі. Еңбектің жемісі.
5-қыркүйек "Мұғалімдер күні" мерекесіне орай Білім беру саласындағы еңбегі, өскелең ұрпақты оқыту мен тәрбиелеудің көрсеткен жетістіктері үшін мектебіміздің география және биология пәнінің мұғалімі Мусаева Меиркул Байгашевна ҚР Оқу-ағарту министрлігінің "Еңбек ардагері" медалімен,
бастауыш сынып мұғалімі Меткенова Бақыткамал Қусбековна Тарбағатай ауданы әкімінің "Құрмет грамотасымен" марапаттады.

 
"Жетіарал мектеп-балабақшасы" кешенінің 6- сынып оқушысы Кенжебай Нұрай 2-7 сынып оқушыларына арналған Республикалық «Зерде» зерттеу жобалар конкурсының аудандық кезеңіне қатысып, "Қазақтың Хан апасы"тақырыбында жоба қорап, жүлделі І орынды иеленді. Жетекшісі қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Л.Оспанова.


 
ШҚО білім басқармасы
Тарбағатай ауданы бойынша білім бөлімінің "Жетіарал мектеп-балабақшасы" кешені"КММ.
Жаратылыстану-математика циклы пәндері бойынша Президенттік олимпиаданың облыстық кезеңінде
11- сынып оқушысы Қалымбекова Жанбота жүлделі. lll-орынды иеленді.
Оқушымызды жетістігімен құттықтаймыз.


Оқушылардың жаратылыстану-математика бағытындағы пәндерге қызығушылықтарын арттыру, теориялық білімі мен қабілеттерін тереңдету мақсатында С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің базасында 2023 жылдың 03 қазанында 11 сынып оқушылары арасында жаратылыстану-математика циклы пәндері бойынша XVI Президенттік олимпиаданың облыстық кезеңі өтті.
Оқушылар бір мезетте математика, физика, биология, және химия пәндерінен өз білімдерін көрсетті.Олимпиаданың қорытындысы бойынша 41 оқушы жеңімпаз жүлдегер атанды. Соның ішінде "Тарбағатай ауданы бойынша білім бөлімі" ММ қарасты "Жетіарал атындағы мектеп-балабақша кешені" КММ 11-сынып оқушысы Калымбекова Жанбота жүлделі ІІІ орынды иеленді.Олимпиада жүлдегерінің ата-анасы мен жетекші ұстазын құттықтаймыз!
Жоғары жетістіктер мен табыстар тілейміз!

 
ШҚО Тарбағатай ауданы бойынша білім бөлімінің "Жетіарал мектеп-балабақшасы"кешені"КММ.
"Үздік мұғалім-2023" облыстық байқауы шағын жинақталған мектептердің ұстаздары үшін ұйымдастырылған аудандық кезеңіне мектебіміздің педагог-сарапшы ,химия пәнінің мұғалімі Ошанова Айнур қатысып,өзінің іс-тәжірибесін таратып,жүлделі ll орынды иеленді.Әріптесіміз құттықтай отырып,шығармашылық табыс тілейміз.



Ғылыми жоба.Ізденіс.Нәтиже.
Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар сайысының аудандық кезеңіне қатысқан оқушыларымыз жүлделі орындарға ие болып,облыстық кезеңге жолдама алды.
11- сынып оқушылары Ерболатқызы Аия,Дәулетхан Елдана l-орын жетекшісі химия пәнінің мұғалімі А.Ошанова.
Тақырыбы: Тропикалық жемістерді үй жағдайында өсіру және оның маңызы.
11-сынып оқушысы Қалымбекова Жанбота l-орын.
жетекшісі физика пәнінің мұғалімі Е.Мейрамбеков.
Тақырыбы:Электр энергиясын қалай үнемдеу ге болады?
Оқушылар жобаның облыстық кезеңіне дайындық үстінде.

10 қазан күні "Жетіарал мектеп-балабақшасы"кешені"КММ-де
Аудандық білім беру бөлімінің ұйымдастыруымен өткізілген "Үздік жыл психологы" сайысының аудандық кезеңіне мектеп психологы Е.Ошанов қатысып,жүлделі lll-орынды иеленді.
Жүлде құтты болсын!!!


"Жетіарал мектеп-балабақшасы" кешені" КММ
20-қараша күні АУЫЛ МЕКТЕПТЕРІНІҢ 9-11 СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНА АРНАЛҒАН
ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН ПӘНДЕР БОЙЫНША РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОЛИМПИАДАСЫНЫҢ ашылу салтанаты өтті.
Мақсаты: Ауылдық жерлердегі мектеп оқушыларының дарындылығы мен қабілеттерін анықтау, дамыту және қолдау үшін оңтайлы жағдайлар жасау;
-Неғұрлым академиялық қабілетті оқушыларды іріктеу;
-Оқушыларды Республикалық олимпиадаға қатысуға іріктеу және даярлау.
Ашылу салтанатына аудандық білім бөлімінің әдіскері Байсалбаева Жұлдыз Сайлаубекқызы, сайысқа қатысушы 9-11 сынып оқушылары, мектеп әкімшілігі және пән мұғалімдері қатысты.


22 қараша күні "Қ.Қайсенов атындағы орта мектебі" КММ-де ағылшын тілі пәні мұғалімдерінің аудандық семинары өтті.
Семинардың тақырыбы:
«Ағылшын тілі сабағында проблемалық оқыту-жеке тұлғаның белсенді шығармашылығын және танымдық қызығушылығын құру тәсілі» шет тілін меңгертудегі жаңа әлеуметтік талаптар
Мақсаты:Балаларды ерте жастан шет тілін оқуға деген
тұрақты қызығушылықты қалыптастыру, осының негізінде баланың интеллектуалдық дамуына жағдай жасау.
Семинарға мектебіміздің ағылшын тілі пәні мұғалімдері Қ.Кеңесханова мен М.Мейрамова қатысып, аудан мұғалімдерімен тәжірибе алмасып қайтты.
Жас ұстаз Кеңесханова Қызғалдақ 4-сынып оқушыларына "Treasure and numbers 2” тақырыбында ашық сабақ өткізіп, аудандық білім бөлімінің мақтау қағазымен марапатталды

"Жетіарал мектеп-балабақшасы"кешені"КММ.
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!
Республикалық зерттеу жобалар конкурсының облыстық кезеңіне 11-сынып оқушысы Қалымбекова Жанбота қатысып, жүлделі lll- орынды иеленді.
Жоба тақырыбы: Электр қуатын қалай үнемдеуге болады?
Бағыты:Экономикалық және әлеуметтік үдерістерді математикалық модельдеу.
Жетекшісі: физика пәнінің мұғалімі Мейрамбеков Елдос.

"Жетіарал мектеп -балабақшасы"кешені"КММ.
23 қараша "Бәсекелес педагог -2023" қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері арасында өткен аудандық байқауға мектептің қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Лаура Оспанова қатысып, жүлделі ll- орынды иеленді.ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!
 

"Жетіарал мектеп - балабақшасы"кешені"КММ.
29 қараша 2023 жыл.
Тарбағатай аудандық білім бөлімі"ММ-ның ұйымдастыруымен 7-8 сынып оқушылары арасында волейболдан өткен біріншілікте мектеп оқушылары l- орынды иеленіп Шығыс Қазақстан облыстық чемпионатына жолдама ұтып алды,
Жеңістері құтты болсын!
Жаттықтырушысы:Баяхметов Қанат.


ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!
"Жетіарал мектеп-балабақшасы"кешені"КММ.
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған 2008 жылғы жасөспірімдер мен қыздар арасындағы қол күресінен(қоссайыс) ШығысҚазақстан ашық турниріне қатысып оқушыларымыз жүлделі оралды.
1.Саянова Еркеназ 1-орын
2.Исламханова Амина 2-орын
3.Төлеуғазиева Камила 3-орын
4.Дәулетқызы Азия 3-орын.
Оқушыларымызды және бапкері дене шынықтыру пәні мұғалімі Нұрмолдин Мейрамбекті жеңістерімен құттықтаймыз,Толағай жеңістер тілейміз.


2023 жылдың 30 қарашасында «Тарбағатай ауданы бойынша білім бөлімі» ММ әдістемелік кабинеттің ұйымдастыруымен «Педагогикалық идеялар фестивалі» конкурсының аудандық кезеңі өткізілді.
Фестивальда «Білім беру жүйесіндегі менеджмент» бағыты бойынша директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Шынар Ергалиева 2 орын;
«Шеберлік палитрасы» бағыты бойынша қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Оспанова Лаура 2 орын;
«Шығармашыл толқын» бағыты бойынша мектепке дейінгі білім беру ұйымының тәрбиешілері Акаева Арайлым 2 орын, Базарбаева Анар 2 орын, әдіскер Тоханова Құралай 3 орын иеленді, мектепалды даярлық тобының тәрбиешісі Айнур Нугуманова 1 орын иеленіп фестивальдің облыстық кезеңіне жолдама алды.
Конкурсқа қатысқан педагогтар әріптестерінің педагогикалық идеяларымен танысып қайтты. Әріптестерге шығармашылық табыстар тілейміз!


2023 жылдың 24 қарашасы күні «Жетіарал мектеп-балабақшасы» кешені» КММ де «Балабақша мен мектеп жұмысындағы сабақтастық» тақырыбында семинар-практикум өткізілді.
Мақсаты: бір жүйедегі үздіксіз білім берудің буындары арасында тұтас білім беру ортасын тиімді ұйымдастыру, оқыту мен тәрбиелеудің біртұтас көзқарасын орынды дамыту.
Міндеті:
- оқу іс әрекетін оқытудың әртүрлі сатысында балалардың білімдерінің арасында қажетті байланыстар мен қатынастар орнату;
- балабақша мен мектеп жұмысындағы сабақтастықты, педагогтар әрекеттестігін арттыру, әдістемелік тәжірибе алмасу.


"Жетіарал мектеп-балабақшасы" "кешені"КММ- да мектеп ұстаздарымен педагог-ассисент Жаныбекқызы Айдананың ұйымдастыруымен "Ерекше білім беруді қажет ететін баланың әлеуметтік-тұомыстық қажеттіліктерін қоғамға бейімдеу" тақырыбында тренинг өткізілді.Тренинг максаты : ерекше білім беру қабілеті бар балаларды оқыту жұмысының ұйымдастырушылық және әдістемелік негіздерін ашу.


2023 жылғы 4-6 желтоқсан күндері Өскемен қаласында, №46 орта мектеп базасында 7-8 сынып оқушылары арасында волейболдан «Шұбар доп» Ұлттық мектеп лигасының облыстық кезеңі ұйымдастырылып өтті.
Мақсаты – оқушыларды дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде айналысуға тарту.
Жарыс қорытындысы бойынша ұлдар арасында жүлделі І орын орынға ие болған "Тарбағатай ауданы бойынша білім бөлімі" ММ қарасты «Жетіарал мектеп-балабақша кешені» КММ
Жеңімпаз болған мектеп оқушыларын құттықтаймыз!


"Жетіарал мектеп-балабақшасы"кешені"КММ
Ғылыми жоба....Ізденіс...Зерттеу...Нәтиже.
Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар сайысының облыстық кезеңіне қатысқан оқушымыз жүлделі lll- орынды иеленді.
11- сынып оқушысы Қалымбекова Жанбота lll-орын.
Жетекшісі : физика пәнінің мұғалімі Мейрамбеков Елдос Мейрамбекұлы.


Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы бойынша білім бөлімінің жоспарына сәйкес 2023 жылдың 22 желтоқсанында "Қ.Қайсенов орта мектебі" КММ өткен мектепалды даярлық тобы тәрбиешілерінің «Мектеп жасына дейінгі баланың тілін дамытудың тиімді жолдары» атты аудандық семинарында Нугуманова Айнур Советхановна «Қазақ тілін оқытуға байланысты тіл дамыту әдістерін ұйымдастыру» тақырыбында сабақ көрсетіп, өз іс тәжірибесімен бөлісіп білім бөлімінің мадақтамасымен марапатталды.
Шығармашылық табыстар тілейміз!


Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту Министрлігінің ақпараттық қолдауымен, Астана қаласы, Білім басқармасы "Жаңа Қазақстан" республикалық қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен желтоқсан айында "ТӘУЕЛСІЗДІК ДАРЫНЫ" атты республикалық байқауы өткізілді. Байқау мақсаты: республикамыздың дарынды оқушыларының арасында байланыс орнату, тәуелсіздік қадірлі де қастерлі ұғым екенін дәріптеу, оқушылардың ғылыми әлеуетін күшейту, инновациялық идеяларын күшейте отырып, үздіктерін анықтау. Республикалық байқауға мектебіміздің дарынды оқушысы Ержан Жания (9-сынып) қатысып, І Дәрежелі Дипломмен, "ТӘУЕЛСІЗДІК ДАРЫНЫ" төсбелгісімен марапатталды! Ата-анасы мен жетекшісіне Алғыс хат табысталды. Жетекшісі: қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі М.Хадиева. Табысты да білімді, дарынды оқушыларымыз көп болсын! Ұстаздарымызға шығармашылық табыстар тілейміз!


«Жетіарал мектеп-балабақшасы» кешені» КММ
Ауыл олимпиадасы
2023 жылдың 20-29 қараша күндері алғаш рет ауыл мектептерінің оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың бірінші кезеңі өтті. Ауыл мектептеріне арналған олимпиада Қазақстанның шалғай елді мекендеріндегі дарынды және талантты балаларды анықтауға және дамытуға бағытталған. Олимпиада «бір компьютер – бір оқушы – бір камера» қағидаты бойынша өткізілді. Бастапқы кезеңге қатысу үшін оқушылар аuyl.daryn.kz сайтында тіркеліп, мектебімізден 15 оқушы қатысуға ниет білдірді.
Олимпиаданың мақсаты — ауылдық жерлердегі мектеп оқушыларының дарыны мен қабілеттерін анықтау және оларға қолдау білдіру, неғұрлым академиялық қабілетті оқушыларды табу, олардың зияткерлік дамуы мен кәсіби бағдарлануына жағдай жасау.
Өткізу қағидаларына сәйкес олимпиада 13 пән бойынша (жаратылыстану–математикалық бағыттағы 6 пән бойынша, қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы 7 пән бойынша) және 3 кезеңнен тұрады.
Ауыл олимпиадасының облыстық кезеңіне мектебімізден 5 оқушы өтіп, Зайсан қаласына облыстық кезеңіне барып қатысып қайтты:
1. Байдуллаева Еркенұр 10-сынып математика, пән мұғалімі Айдарханова Нургул;
2. Болат Нұрлан 10-сынып физика, пән мұғалімі Мейрамбеков Елдос;
3. Ерболатқызы Айя 11-сынып география, пән мұғалімі Биғалиқызы Айтолқын;
4. Қайратқызы Айгерім 11-сынып биология, пән мұғалімі Мусаева Мейркул;
5. Ерікқызы Жанерке 9-сынып қазақ тілі мен әдебиеті, пән мұғалімі Хадиева Меруерт
Ауыл олимпиадасының облыстық кезеңінен 10-сынып оқушысы Байдуллаева Еркенұр математика пәнінен жүлделі 1 орын иеленіп (пән мұғалімі Айдарханова Нургул) республикалық кезеңге Астана қаласына жолдама алды.
Білім шыңының биігінен көрінуге тілектеспіз!


"Жетіарал мектеп-балабақша кешенінде" 17 қаңтар күні қазақ тілі мен әдебиеті пән апталығы аясында 5 сынып оқушыларымен "Оқуға құштар мектеп" жобасына негізделген шара өткізілді. Шара мақсаты мектеп оқушыларының кітап оқуға қызығушылығын арттыру, 5 сынып оқушыларының сахна мәдениетін қалыптастыру болды.
Ұлы ұстаз Ыбырай Алтынсарин шығармаларынан құралған "Кел, балалар, оқылық!" атты қойылым қойылды. "Әке мен бала", "Асыл шөп", "Екі дос", "Бір уыс мақта", "Ауырғаннан аяған күштірек" атты әңгімелерін сахналау арқылы білім алушылар адалдық, мейірімділік, еңбекқорлық пен ұқыптылық сияқты адами құндылықтарды танып, бағалай білуге үйренді.


 Бастауыш сынып мұғалімі  Найманова Айжан  Кеңесқызы  аудандық «Үздік ауыл мұғалімі-2020» /қашықтықтан/  байқауына қатысып жүлделі 1-орынды иеленді.

 

Пайдалы ақпараттық ресурстар