31 Қаз 2022
Жаңалықтар-01

МҰХТАР МҰРАСЫ – ПАРАСАТТЫЛЫҚ БАСТАУЫ

 «МҰХТАР МҰРАСЫ – ПАРАСАТТЫЛЫҚ БАСТАУЫ» ТАҚЫРЫБЫНДА АДАЛДЫҚ САҒАТЫНЫҢ ӨТУІ ТУРАЛЫ  АНЫҚТАМА

2022-2023 оқу жылы

 

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің кезекті «Адалдық сағаты» қазақтың ұлы жазушысы, қоғам қайраткері, ғұлама ғалым Мұхтар Әуезовтың 125 жылдығына орай, жазушының парасаттылық пен ізгілікке жетелейтін шығармашылығына арналды.

«Мұхтар мұрасы – парасаттылық бастауы» тақырыбындағы онлайн-бейнедәріс барысында Мұхтар Омарханұлының шығармашылығы арқылы жастарға жақсы біліммен қатар әділдік, парасаттылық және сенім құндылықтарының маңыздылығы түсіндірілді.

Өз еңбектері арқылы адалдықты мұра еткен кемеңгер Мұхтар Әуезов «Күшіңе сенбе, адал ісіңе сен. Қай істің болсын өнуіне үш шарт бар: ең әуелі – ниет керек, одан соң – күш керек, одан соң – тәртіп керек» - деген. Яғни, адалдықты, парасаттылықты – адам бойындағы ең асыл қасиеттердің бірі ретінде насихаттаған.

Ғалым Мұхтар Омарханұлы “Ғылым” атты мақаласында: “Адам баласының жаман құлқы жаратылысынан емес, өскен орта, алған үлгi, өнеге бiлетiндiгiнен және түзелу, бұзылу жас уақытта болады. … Адамшылықты таза жүргiзу үшiн – көп ой керек, ойлау үшiн оқу керек...» деп оқу, білімді дәріптей отырып, бала тәрбиесіндегі қоғамның алар орнын ерекше атап өткен.

«Адалдық сағатының» ұйымдастырушылары адал еңбек пен рухани адамдық қасиеттерді насихаттау арқылы жемқорлықсыз парасатты қоғам құруға болады деп сенім білдіреді.

 

Бейне-дәріске сілтеме:

https://www.youtube.com/watch?v=260U3TeKVJM&list=RDCMUCc9r4B7cut6U1LffrKuo66g&start_radio=1&rv=260U3TeKVJM&t=30

 

       «Жетіарал мектеп-балабақшасы»кешені»   КММ-де 6-9.09.2022 ж аралығында  «Мұхтар мұрасы – парасаттылық бастауы» 2- 10 сыныптардың арасында адалдық сағаттары өтіп ,әлеуметтік желідегі мектеп парақшасына жарияланды

           2 сынып жетекшісі М.Тырнақбаева, 4 сынып жетекшісі Г.Сағатбекова

5- сынып жетекшісі М.Мейрамова,  6-сынып Ж.Нәсіпханова, 9- сынып жетекшісі А.Ошанова, 10- сынып жетекшісі Л.Оспанова адалдық сағаттарын өз дәрежесінде  өткізді.

Пайдалы ақпараттық ресурстар