31 Қаз 2022
Жаңалықтар-01

Білімді ұлт: терең білім,еңбекқорлық және отаншылдық қасиет

«Жетіарал мектеп-балабақшасы»кешені» коммуналдық мемлекеттік мекемесі «Білімді ұлт: терең білім,еңбекқорлық және отаншылдық қасиет»  тақырыбында салтанатты жиынына

АНЫҚТАМА

2022-2023 оқу жылының басталуына орай қыркүйектің бірінші күні «Жетіарал мектеп-балабақшасы»кешені» КММде Қазақстан Республикасы Президенті Қасым -Жомар Кемелұлы Тоқаев 2022 жыл балалар жылына орай, «Балаларға ерекше назар аудару керек, себебі олардың амандығы - мемлекетіміздің жарқын болашағының сенімді кепілі» атты ұранын басшылыққа ала отырып, білім күніне арналған «Білімді ұлт: терең білім,еңбекқорлық және отаншылдық қасиет» тақырыбында салтанатты жиын тұжырымдамаға сайкес өтті.

Салтанатты іс-шараның мақсаты: жаңа оқу жылының басталуы қарсаңында білім алушылардың бойында жағымды көңіл-күй, оң көзқарас қалыптастыру.

        Міндеттері:

- қатысушыларды өткен оқу жылының жетістіктерінен хабардар ету;

- білім алушылардың бойында оқуға құштарлық пен білім алуға деген ұмтылысын қалыптастыру;

- білім алушылардың бойына отаншылдық, құрмет және азаматтық сана құндылықтарын дарыту;

- өзара құрмет пен түсіністікке негізделген мектеп мәдениетін қалыптастыру.

«Білімді ұлт: терең білім,еңбекқорлық және отаншылдық қасиет» тақырыбындағы   іс-шара  жоғары идеялық-құндылықтық мазмұнын қамтамасыз ету мақсатында қажетті іс-қимылдарды үйлестірілді.

Салтанатты жиынға қатысушылар  Жетіарал ауылдық округінің әкімі С.Кажиекберов,кәсіпорының директоры Мұратхан Әлдибекұлы және ата-аналар кеңесінің мүшелерімен 1 сыныптың ата-аналары, қамқоршылық кеңесінің төрағасы Болат Ербол қатысты.  Келген қонақтар өз құтықтауларымен жылы лебіздерін білдірсе, алғашы білім күнін қорытындылай келе, мектеп директоры м.а.Ш.Ерғалиева мектеп ұстаздары мен оқушыларға жаңа оқу жылымен құттықтап, шығармашылық табыстар, ал, мектеп  табалдырығын алғаш аттаған  1-сынып оқушыларына сәтті қадам, таудай талап тіледі. Салтанатты іс-шарада мектебіміздің өнерпаз оқушылары өз ән билерін тарту етті.

Мемлекеттік туды көтеру және гимнді орындау Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін пайдалану тәртібіне сәйкес жүргізілді

Мектебімізде жоспар бойынша  «Білімді ұлт: терең білім,еңбекқорлық және отаншылдық қасиет» тақырыбында бірыңғай сынып сағаты өткізіледі.

Бірыңғай сынып сағатының мақсаты: білім алушылармен бірге білімге ұмтылу, отаншылдық, еңбексүйгіштік құндылықтарының адам өміріндегі рөлін талқылау.

     Міндеттері:

- білім алушыларға құндылықтар жөнінде жалпы ақпарат беру;

- білім алушылармен бірге құндылықтардың адам өміріндегі рөлін талқылау;

- отаншылдық, құрмет және азаматтық сана құндылықтарын дарыту;

- сыныптың жағымды микроклиматын және жаңа оқу жылына жағымды көңіл-күй қалыптастыру

. - Бірінші сыныптың сынып жетекшісі Найманова Айжан  «Менің мектептегі алғашқы күнім» тақырыбында, 2-4 сыныптардың жетекшілері М.Тырнақбаева, Б.Меткенова, Г.Сағатбекова «Менің жарқын жазғы оқиғаларым» тақырыбында, 5-8 сыныптың жетекшілері М.Мейрамова, Р.Құрманғазынов, Ж.Нәсіпханова,Н.Аязбек «Менің саяхатым» тақырыбында, 9-11 сыныптарды жетекшілері «Менің үлкен сыныптастарым», «Менің ойларым, армандарым, үміттерім» тақырыбында сынып сағаттарын өз денгейінде өткізілді .Сынып сағаты аясында адам өміріндегі құндылықтардың рөлін талқылауға басты назар аударылды және балалар  жазғы демалыстан алған өз  әсерлерімен бөліссе сынып жетекшілер  заманауи интерактивті технологияларды, қосымша көрнекі құралдарды және ресурстарын пайдалану арқылы оқушылардың оқуғадеген қызығулылықтарын оятыпқана қоймай мектепкедеген оң көз қарас қалыптастыра алды

Білім күні білім алушылар, олардың ата-аналары мен педагогтері арасында әлеуметтік желілерде 1-2 минуттық бейнеролик орналастыру бойынша республикалық онлайн  акциясы бойынша

- барлығы үшін «Менің мектебім-ең керемет мектеп!», «Сәлем, жаңа оқу жылы», «Маған мектеп формасы ұнайды!»;

- Бірінші сынып оқушыларына арналған «Менің мектептегі алғашқы күнім»;

- 2-4 сыныптарға  арналған «Менің жарқын жазғы оқиғаларым», 5-8 сыныптар  үшін – «Менің саяхатым»,9-11 сыныптар  үшін – «Менің үлкен сыныптастарым», «Менің ойларым, армандарым, үміттерім», ата-аналар, 1 сынып оқушылары үшін – «Біздің мектептегі бірінші күніміз», «Бірінші сынып-өмірдің жаңа кезеңі», сынып жетекшілері үшін – «Жаңа оқу жылы құтты болсын, менің сүйікті сыныбым!». тақырыптарында бейнероликтер түсіріліп Bilim_quni хэштегімен әлуметтік желілерге жүктелді. Салтанатты жиында оқыс оқиғалармен келеңсіз жағдайлар орын алмады. 

 

Тәрбие ісінің орынбасары:                       М.Б.Мусаева

Пайдалы ақпараттық ресурстар