31 Қаз 2022
Жаңалықтар-01

Отбасы – бақыт мекені

«Жетіарал мектеп-балабақшасы»кешені»  коммуналдық мемлекеттік мекемесі Отбасы күнін мерекелеу шеңберінде 2022 жылғы 12-17 қыркүйек аралығында «Отбасы – бақыт мекені» апталығының    іс – шаралар бойынша

Анықтама

 

«Жетіарал мектеп-балабақшасы»кешені» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 2022 жылғы

12 қыркүйек күні  отбасы күнін мерекелеу шеңберінде «Отбасы – бақыт мекені» апталығының    іс – шарлар жоспары  құрылды. Жоспардың негі мақсаты қоғамда  отбасылық құндылықтарды насихаттау,  отбасын, ата-анасын,  туыстарын жақындарын бағалау, құрметтеу сезімін кеңейту, отбасындағы құндылықтарды  нығайту және ұрпақтар сабақтастығын  дамыту жөніндегі жұмыстарды жүргізу.

12.09.2022 күні ДТІЖО М.Мусаева   «Отбасы – бақыт мекені»    іс – шаралар жоспарын лездемеде оқушылар мен мектеп ұстаздарына таныстырды.

13-16.09 күндері көңілді лездеме өткізуде Б.Меткенова, М.Мейрамова, А.Ошанова, Л.Оспанова оқушылардың шығармашылығын, ойлау қабілеттерін, белсенділіктерін дамыту мақсатында жоғары деңгейде өткізді.

1-11 сынып жетекшілері «Менің отбасым-менің қорғаным»   тақырыбында бірыңғай сынып сағаттарын өткізді. 10сынып жетекшісі Л.Оспанова, 5 сынып жетекшісі М.Мейрамова белсенділік танытты. Әр сынып жетекші оқушыларға  отбасы адам үшін  маңыздылығын жан-жақты аша отырып,  отбасындағы құндылықтарды сақтаған отбасы өнегелі болатынын және  ата-ананы құрметтеу жайында өнегелі сөз қозғады.

ДТІЖО М.Мусаева «Отбасы өмірдің мәні» тақырыбында ой бөлісу және психолог Е.Ошанов «Өз балаңызды жақсы білесіз бе?» тақырыбында  психологиялық ойын  жұмыстарын жүргізді. Әлеуметтік педагог Ш.Тохтарова жетім және мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған «Отбасы-бақыт аясы» тақырыбында тренинг өткізді.

2-7  сынып  оқушыларымен «Менің отбасым-бақытты сәттер» тақырыбында фото көрме , ұйымдастырылды. 8-11 сыныптар  сынып жетекшілері  «Парасатты отбасы» тақырыбында бейнеролик

 

«Менің отбасым» тақырыбында 2-4-7 сынып оқушылары арасында сурет конкурсы  ұйымдастырылды.

«Отбасылық дәстүрді сақтау мен үйрену» 8-11 сыныптар арасында  көркем сөз   оқу ұйымдастырған тәлімгер А.Биғалиқызы.

«Отан отбасынан басталады» челендж.  6-сынып Ж.Нәсіпханқызы және 7 сынып Р.Құрманғазынов сыныптары  челендж жолдады.

Отбасы күні «Берік отбасы-адам серігі» жалпы мектепішілік шарамен қорытындыланды. Шараны ұйымдастыруға  Е.Мейрамбеков, Р.Құрманғазынов, А.Әскеханұлы белсене атсалысты. Балалар жылына орай сайыстарда жүлделі орын алған оқушыларға мектептің қамқоршылық кеңес мүшелері демеушілік жасады. Ауыл кітапханашысы А.Мұхаметжанова «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында ата-анамен 20 минут кітап оқуды жүзеге асыру мақсатында «Балаларға базарлық» ұйымдастырып, оқушыларға кітап таратты.

Өткізілген республикалық шаралар мектеп парақшасы арқылы  хэштег

#отбасыкүні2022 #деньсемьии2022 #famiIyday2022 фейсбугқа жарияланып отырылды.

Отбасы күніне белсене қатысқан сынып жетекшілер Б.Меткенова, А.Ошанова, Л.Оспанова, М.Мейрамова, Р. Құрманғазынов.

Сынып сағатын өткізгендер: М.Мейрамова, Л.Оспанова

 

Пайдалы ақпараттық ресурстар