14 Мамыр 2024
Ата аналарды педагогикалық қолдау орталығы

АПҚО Құмарлыққа бой алдыру - тәуелділік құрдымы»

Мектебі: «Жетіарал мектеп-балабақшасы» кешені»КММ

Тақырыбы: «Құмарлыққа бой алдыру-тәуелділік құрдымы»

                     

                       /Ата-аналармен педагогикалық қолдау сабағы/

 

Мұғалім:  10-сынып жетекшісі: А.Ошанова

 

Мақсаты: Ата-аналардың өз балаларының тәуелділік мінез-құлық қаупінің алдын алу жолдарына  дайындығын дамыту.

Міндеттері:

       Ата аналардың өз баласының қауіпсіздігін қамтамасыз ету қабілетін қалыптасытру

       Жаңа ұрпақтың өмірін ортақ мәңгілік игіліктермен байланыстыру.

Ресурстар:

А4 қағазы, маркер,      

Ұйымдастыру кезеңі. 

Шаттық шеңбері: «Жылы лебіз!» әдісі

Ата — аналарды шаттық шеңберіне тұрғызу.  Ата аналар бір біріне жылы лебіздерін арнап, бүгінгі күнге сәттілік тілейді.

 

Әр бір ата-анаға өлеңдердің шумақтары таратылып берілді. Сол бойынша ана туралы ән шумағы «Ана» тобына, әке туралы ән шумағы «Әке» тобына, бала туралы ән шумағын таңдағанадар «Бала» тобына топтасып отырды. Әрбір топта 6,7ден ата аналар отырды.

  «Ана»тобы: «DEAL» әдісі бойынша  «Қауіпсіз отбасы» тақырыбында өз постерлерін сызып, топпен ақылдаса отырып қорғады.

D-Describe-баяндау, суреттеу

E-Explain-түсіндіру

A-Anallyse-талдау

L-Links- өзіңде бар біліммен байланыстыру

 «Әке» тобы  «Екі жақты күнделік» әдісі бойынша «Бала бойындағы қауіпті тәуелділіктер» тақырыбында өз ойларын ортаға салып, постерлерін қорғады.

  «Бала» тобы  «ПОПС» формуласы бойынша «Құмарлыққа бой алдырудың алдын алу» тақырыбында өз ойларын ұтымды пікірлерімен бөлісе білді.

«Менің ойымша,.....»

 

«Себебі, мен оны былай түсіндіремін....»

«Оны мен мына фактілермен, мысалдармен дәлелдей аламын...»

«Осыған байланысты мен мынадай қорытынды шешімге келдім...»

 

                         

 

 «Ащы пияз»:  қазіргі заман әңгімесі.

Әңгімені оқып отырып, ата-аналар сол әңгіме желісімен, мәтіндегі ойды аяқтап, сұрақтарға жауап бере отырып, сабақты қорытындылайды.

Тақтаға жуаның суреті ілінеді.Жуаның үстіңгі бөлігінде жапырақтар бейнеленген. Ата аналарға әрбір отбасында балаға қандай сезім мен қарым қатынас болу керектігін, мысалы: мейірімділік, махаббат, түсіністік...т сс. Осындай жақсы сөздермен жуаның жасыл өскінін толтыру ұсынылды.

Пияз суреті

Кері байланыс: «Бір түйін ой» әдісі

Ата-аналар жүрекшелерге өз ойларын қалдырып,тілектерін жазу.   

 

Жиналыстың қорытынды сәті.

   Адамның бауыр еті, жүрегі бала. Біз бүгін сіздермен ең қымбатты бала жаны жайлы ой бөлістік. Ол маңызды, өйткені ол енді ғана өмір деген ұзақ жолға сапарын бастады. Бұл жол-оны рухани байлыққа бастайтын таза және негізгі жол.Бұл жолды барлық нәрсенің басы болып табылатын үлкен әріппен жазылған МАХАББАТТАН бастау керек

 

Пайдалы ақпараттық ресурстар