14 Мамыр 2024
Ата аналарды педагогикалық қолдау орталығы

«Балаға мамандық таңдауға қалай көмектесуге болады?»

Мектебі: «Жетіарал мектеп-балабақшасы» кешені»КММ

Тақырыбы: «Сен жанбасаң лапылдап...»

                       «Балаға мамандық таңдауға қалай көмектесуге болады?»

                       /Ата-аналармен педагогикалық қолдау сабағы/

               Мұғалім: Кәсіптік бағадар беру педагогы: Қ.Тусупова

 

Мақсаты: Ата-аналардың баланың өзін-өзі көрсетуіне дайындығын дамыту.

Міндеттері:

      Мамандық таңдау кезінде балаға қолдау көрсетуі үшін ата-ананың      мықты уәжін қалыптастыру.

      Ата-аналардың өз кәсібін іздеу кезеңінде баланы қолдау әдістері мен шарттары туралы тұрақты түсініктерін қалыптастыруға ықпал ету. 

      Баланың жеке тұлғасының ерекшеліктерін, қызығушылықтарын, қабілеттерін анықтау дағдыларын дамыту.

Ресурстар:

А4 қағазы, маркер, слайд, музыка, жадынамалар.

Ұйымдастыру кезеңі. 

Шаттық шеңбері: «Жұмсақ шеңбер» әдісі

Ата — аналарды қолдарына  лента ұстатып , шаттық шеңберіне тұрғызу. Мен сіздермен кездескеніме өте қуаныштымын. Қане, бәріміз бір — біріміздің қолымыздағы лентадан ұстап шеңбер құрайық. Осы дөңгелек шеңберді неге шаттық, жұмсақ  шеңбері деп атаймыз? Қалай ойлайсыздар. Шеңбердің жұмсақ болуында үлкен бір қасиеті бар. Шеңберіміз көктегі жылу беретін күн сияқты дөңгелек. Шеңберге тұрып, бір — бірімізді жақсы көре аламыз, жақсылық пен жылулығымызды сыйлай білуге үйренеміз. Міне, сондықтан бұл шеңберді жұмсақ , шаттық шеңбері деп атаймыз. Енді бәріміз жақсылық тілеп, шаттана қуанып, күлкімізді сыйлайық.

Жұмсақ шеңбер: Ата-аналар шеңбер бойымен тұрып, әрқайсысы өз жүректен шыққан жақсы, жылу сөздерін лентаны ұсына отырып тілейді.

 

2- Топқа бөліп отырғызамын (2 топ 20 ата-ана)  

"Тілалғыш бала" жаттығуы

Сабаққа қатысқан ата-аналарды екі топқа бөлу. Топтарға олардың жас кезінде мамандық таңдағанда кездескен жағдайлар туралы сөйлесіп, ортаға салу ұсынылады.

1-топ ата-аналарды қорғайды. «Мен мамандықты ата-анамның кеңесі бойынша таңдадым және  оған өкінбеймін».

2- топ ата-аналарының кеңесі бойынша мамандық таңдағанына өкінеді. "Мен мамандық алдым, жұмыс істеймін, бірақ әр жұмыс күні мен үшін азап".

Қалай ойлайсыздар: бірінші жағдайда ата-аналардың кеңесі неге дұрыс және пайдалы болды, ал екінші жағдайда неге адам өміріне азап әкелді?

Топта талқылау уақыты-5 минут.

әр топтан сөйлейтін спикердің уақыты-2 минут                                    

 

Мамандықтар шеруі: Сынып жетекшілер әр түрлі маман иелері  болып киініп келіп өздерін таныстырады. Сол мамандықттар  туралы  мәліметпен таныстырады.

 

Ата-аналарға арналған шығармашылық тапсырма

«Қайшысыз бейне» әдісі

Мақсаты: ата-аналар біз балаларымызға болашақта өмірде өз орындарын табу үшін тәрбие  мен білім береміз. Бірақ әр адамның қабылдауы әр түрлі екенін түсіндіру.

Ата-аналарға ақ парақ береді. Ақ парақтан қайшысыз қолмен қиып баланың бейнесін жасайды. 

Әсемпаз болма әрнеге,

Өнерпаз болсаң, арқалан.

Сен де - бір кірпіш, дүниеге

Кетігін тап та, бар қалан!

Абай

Абай «сен де бір кірпіш» деп, нені айтқысы келді?

 

 Ата-аналарға арналған жаднама  тарату.

·         Балаңызға мамандық таңдауға еркіндік беріңіз. 

·         Баламен бірге таңдалған мамандықтың артықшылықтары мен кемшіліктерін талқылаңыз. 

·         Болашақ мамандық таңдауда тек материалдық емес, моральдық қанағаттану тұрғысын да қарастырыңыз. 

·         Мамандық таңдағанда балаңыздың жеке қасиеттерін ескеріңіз. 

·         Мамандық таңдауда келіспеушіліктер болса, мамандармен кеңесіңіз. 

·         Мамандық таңдауда балаға қысым жасамаңыз, қақтығыс әдетке айналуы мүмкін. 

·         Баланың арманы орындалуы үшін оған қолдау көрсетіңіз.  

·         Егер балаңыз таңдау жасауда қателессе, ұрыспаңыз, қатені түзетуге болады. 

·         Балаңыз қандай да бір мамандыққа қызығушылық танытса, оны әдебиет, үйірме сабақтары, мамандармен кеңесу арқылы қолдаңыз. 

          Балалар ата-анасының жұмысқа деген көзқарасын қабылдайтынын ұмытпаңыз.

 

Кері байланыс: «Жүрекшеден жүрекшеге» әдісі

Ата-аналар жүрекшелерге тілек жазу.   

 

Жиналыстың қорытынды сәті.

Мамандық таңдауда қателеспеген адамды нағыз бақытты жан деп жатамыз. Демек, жаның қалаған жұмысты жасау - жартылай бақыт деген сөз. Олай болса, мамандық таңдау бақытыңның жартысын іздеу. Өзі ұнататын іспен айналысқан адам өзіне де, әлемге де сүйіспеншілікпен қарайды. Өзі ұнатып істеген жұмыстан бақытын табады. Ата-анаға баласының бақытын көргеннен артық қандай қуаныш бар?! Төмендегі халық даналығы, мақал-мәтелдер соның айқын дәлелі емес пе?! 

Жан қиналмай жұмыс бітпес, талап қылмай мұратқа жетпес.

Көңілсіз бастаған іс көпке бармайды. 

Сен істі сүйсең, іс саған бас иеді. 

 

Пайдалы ақпараттық ресурстар