14 Мамыр 2024
Ата аналарды педагогикалық қолдау орталығы

АПҚО Баланы жастан сабақ

«Жетіарал мектеп – балабақшасы» кешені» КММ –де ата-аналарды қолдау орталығының кезекті сабағын «Баланы жастан» тақырыбында 1-сынып жетекшісі Г Исламханова ,3-сынып жетекшісі М Тырнақбаева 1-4 сынып ата-аналарына коучинг өткізді.
Ата-ананың отбасындағы рөлін анықтау,өз балаларының болашағы туралы пікірлерін тыңдау. Ата –аналармен бірлесіп отбасылық тәрбиенің негізгі ережелерін талқылау,бала тәрбиесінде ата-аналардың рөлін көрсету. Ата-аналарға баланы тәрбиесінің бастауы өз отбасында,баланы жастайынан дұрыс тәрбиеге балау керек екендігі жөнінде ақпараттар беріліп, ата-аналарды топқа бөліп, топтық тапсырмалар беріліп орындалды.Отбасындағы тәрбиенің құндылық мәдениетінің мақсаты-жаңа ұрпақтың өмірін ортақ мәңгілік игіліктермен байланыстыру және олардың маңызды бірлігін қалпына келтіру. Әр бір коучингке келген ата-ана қазіргі заманның балаларын қалай тәрбиелеуге,балалармен қалай сырласып ойларын ашық айтқызуға болатыны туралы ақпараттармен танысып, өз ойларын топтарда ақылдасып, ортаға салып талқылады .Ата-аналар топтарда ойларын ортаға сала отырып, құнды пікірлерімен өз ойларын топтық тапсырмаларды бірлесе орындады

{gallery}it5/ataana/gal4{/gallery}

Пайдалы ақпараттық ресурстар